Бизнес-зал

Бизнес-зал

Алматы халықаралық әуежайының бизнес залы:

  • Бизнес-залға кіру
  • Азық-түлік пен сусындарды ұсыну
Бизнес-залға серіктес авиакомпаниялардың жолаушылары, сондай-ақ алдын ала брондаусыз төлем жасаған қонақтар кіре алады.
 
Өзін-өзі төлеу 
                                                35 000 KZT                                                  
Жиналыс бөлмесі                  
22 500 KZT 
 

Брондау немесе кез-келген шұғыл сұрақтар бойынша бізге 24/7 қоңырау шала аласыз:
Ұшып келу: +7 (727) 270 32 30
Ұшып кету: +7 (727) 270 31 09
E-mail: primeclass.almatyviparv@tav.aero

 

Visa Platinum және DragonPass арқылы бизнес-залға қолжетімділік

Visa Platinum премиум картасының иелері DragonPass бағдарламасы арқылы бизнес-залдарға қол жеткізе алады. Толығырақ ақпаратты Visa ресми сайтынан, Visa Airport Companion қосымшасынан немесе банкке хабарласып біле аласыз.
 

Air Astana-ның The Shanyraq бизнес-лаунджы

The Shanyraq - Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында орналасқан заманауи бизнес-лаундж, ол Air Astana-ның халықаралық рейстермен ұшатын бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Алтын және Гауһар дәрежелеріндегі қатысушыларына арналған.

The Shanyraq - 600 шаршы метрден асатам аумақты қамтитын және және толыққанды қызмет көрсету концепциясын ұсынатын бизнес-лаундж. Мұнда жолаушылар ұлттық нақыштағы атмосферада ұшуға дейін жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, ана мен балаға арналған бөлме, душ бөлмелері және қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін арнайы ыңғайлылықтар бар.

Лаундж қонақтары халықаралық саяхатшылардың талғамына сай ыстық тағамдар, жеңіл тағамдар мен сусындар ұсынылады. Рейстер туралы ақпаратты көрсету үшін экрандар орнатылған.

The Shanyraq бір уақытта 100-ге дейін қонақ қабылдай алады және тәулік бойы жұмыс істеп, халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Лаундж жолаушыларға ұшуға дейінгі уақытты жайлы және жағымды өткізу үшін барлық қажетті ыңғайлылықты ұсынады